Аллергиялы аурулар реферат


Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар а ішектің; б жоғарғы тыныс жолдарының; в қанның; г сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. Ішек ауруларында мысалы А-гепатиті вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары құтыру, аусыл, делбе жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді мысалы ішекте, не тыныс жолдарында. Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды шешек, қызылша, полиомиелит.

Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады.Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді.

Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды.

Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті жасырын деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.1 Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден жанды денелерден пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ. Антибиотиктер пенициллин, тетрациклин және т. б. — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер.

Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. И. Ф. Д. Е. К. И. С.